Қазақстандық дзюдошылар Бразилиядағы сурдлимпиадада тағы 3 медаль жеңіп алды

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиадалық ойындарда қазақстандық дзюдошылар тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Әділбек Нұрмұхамед 60 келіге дейінгі салмақта финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Шаяхмет Қанапиянов 73 келіге дейінгі салмақта қола медаль иегері атанды. Оған қоса Фериде КараОглы 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. Осылайша, қазақстандық сурдодзюдошылар медаль санын 4-ке жеткізді.

Мұнда сурдодзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Хайролла Лукмановтың сіңірген еңбегі мол.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық спортшының Бразилиядағы сурдлимпиадалық ойындарда қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысының өкілі Дина Ержанова сурдодзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінген еді.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...