Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту: қалаға кіре берісте белгілер орнатылды

3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Жергілікті билік қалаға кіре беріске жаңа белгілер орнатып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz оқырмандары редакцияға Қонаевтың кіреберісіне орнатылған белгінің суретін жолдады. Сурет 4 мамыр күні таңертең түсірілген.

3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы жақын арада Алматы облысының орталығына айналуы тиіс Қапшағай қаласының атауын өзгерту бастамасын қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

24 наурызда қалалық мәслихат қала атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Оны ономастикалық комиссия бекітті.

Заң – тәртіп пен әділеттіліктің негізі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің маңызды кепілі...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...