Қазақстан және Ресей ІІМ арнайы операциясы: 260 келі есірткі тәркіленді

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылған. Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстаған.

«Фигуранттардың тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар — машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған», — делінген хабарламада.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркілеген. 

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...