12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.

Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.

Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.

Айт қабыл болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», — делінген құттықтауда. 

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.