Жаңа облыстарды құру туралы Жарлық жобасы Президентке жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлер тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлер шекарасы айқындалды. Үкімет қаулысы бойынша Президенттің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді«, — делінген Үкімет хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылған.

«Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда жаңа облыстар қалай құрылатынын хабарлаған болатын.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...