Әлемдік нарықта алтын бағасы қайта өсті 

Айта кетейік, өткен аптада алтын бағасы 4,5 пайызға төмендеген. 16 қарашада Азия сауда сессиясының басында алтын бағасы көтерілді. Инвесторлар АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) төрағасы Кевин Уорштың пайыздық мөлшерлемелердің алдағы бағытына қатысты мәлімдемесін күтуде. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

GMT уақыты бойынша сағат 00:50-де алтынның спот бағасы 0,3 пайызға өсіп, бір унциясы 3 892,42 долларға жетті. Ал желтоқсанда жеткізілетін алтын фьючерстері 0,2 пайызға қымбаттап, 3 895,60 долларды құрады.

Айта кетейік, өткен аптада алтын бағасы 4,5 пайызға төмендеген. Бұған мұнай құнының өсуі себеп болып, нарықта инфляцияға қатысты алаңдаушылық күшейген. Соның салдарынан инвесторлар пайыздық мөлшерлемелердің ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталуы мүмкін деген болжамға көбірек назар аудара бастады.

АҚШ-та қазанда өндірушілер бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғары жылдық өсімді көрсеткен. Бұл ФРЖ желтоқсанда мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін деген күтуді күшейтті. CME FedWatch деректеріне сәйкес, желтоқсанда мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеру ықтималдығы 94 пайыз, ал 50 базистік тармаққа арттыру ықтималдығы 6 пайыз деп бағаланған.

Нарық қатысушылары ФРЖ басшысы Кевин Уорштың мәлімдемесімен қатар, сәрсенбіде жарияланатын Федералдық ашық нарық комитетінің қазан айындағы отырыс хаттамасын да күтуде.

Сонымен бірге басқа бағалы металдардың да бағасы өсті. Спот күміс 0,2 пайызға қымбаттап, бір унциясы 48,80 долларды, платина 0,2 пайызға өсіп, 1 497,12 долларды, ал палладий 0,1 пайызға көтеріліп, 1 001,40 долларды құрады.

Жаңбыр, қар және көктайғақ: 16 қарашаға арналған ауа райы

Дүйсенбі, 16 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен...

Бакуде  «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің...

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.