Жаңа Қазақстан әділет аймағына айналуы тиіс — Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан непотизм, патернализм, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоятынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алға қарай серпілу үшін мінсіз сәтті күтпей, қазірден кешіктірмей әрекет ету керек екенін тарих көрсетіп отыр. Еліміздің баға жетпес байлығы және қайта құрудың негізгі қозғалтқышы – адамдар, біздің азаматтар. Сондықтан әр азамат өзінен бастауы керек. Бәрін ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тұтқалар да елді жаңарту мақсатына жетелей алмайды», — деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Президенттің айтуынша, Жаңа Қазақстан құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайта пішімдеу қажет болады. Мемлекет басшысы бізге жаңа құндылықтар матрицасында үздіктерді сақтап, ұлттың дамуына кедергі болатын барлық нәрседен арылу маңызды екенін айтты.

«Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлық пен компрадорға тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділеттің аумағына айналуы керек. Ол үшін тек әріптің емес, заңның рухын да сақтау керек. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдірілуі керек. Заң, әділдік пен тәртіп бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады», — деп түйіндеді Тоқаев.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...