12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мал ұрлығына жаза қатаң

Мал — ауылдағы ағайынның тіршілік көзі, күнкөрісінің негізі. Ауыл халқының жағдайын, мал ұрлығының күннен-күнге көбейіп бара жатқанына назар аударған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойған болатын. Осы заңға сәйкес, Қылмыстық кодекс жаңа 188-1 баппен, яғни, мал ұрлау, бөтеннің малын жасырын жымқыру қылмысымен толықтырылды. Бұл бапқа сәйкес мал ұрлағандарға жаза қатаңдатылған. Өйткені бұған дейінгі жаза мал ұрлаушыларға тосқауыл бола алмады.
Бұрын мал ұрлау қылмысы ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралатын. Бұл бап бойынша мал ұрлаған адам ұсталғанымен, қылмыстық жауаптылыққа тартылу кезінде мал иесіне келтірген залалды қайтарып, жәбірленушімен татуласса ҚК-нің 68-бабының талабына орай қылмыстық жауаптылықтан босатылып кететін. Яғни, ұсталған ұрылардың көбі шығынның орнын толтырған соң жазадан құтылатын. Қылмыстық заңның осындай осал тұсын білген ұрылар жазадан қашқаннан кейін де бұрынғы әдетінен ажырамай, қайта ұсталғанша ауыл халқын қан қақсатып жүре беретін. Бұл ауылдағы ағайынның ашу-ызасын, құзырлы орындарға деген сенімсіздігін тудырғаны ақиқат. Жаңа өзгерістің қолданысқа енгізілуіне де халықтың базынасы түрткі болды.
Жаңа өзгеріске сәйкес, ҚК-нің 188-1 бабы мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру қылмысымен толықтырылып, жаза қатаңдатылды. Өйткені, ендігі жерде 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша мал ұрлау орташа ауыр қылмысқа жатады. Мұндағы өзгешелік, бірінші рет мал ұрлаған айыпты жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Ал бірақ, екінші рет мал ұрлаған кезде малдың иесіне шығынды қайтарып, жәбірленушінің кешірімін алса да татуласуына заң бойынша жол берілмейді.
Қылмыстық кодкстің 188-1-бабының 2, 3, 4-бөліктері бойынша мал ұрлау ауыр қылмыс қатарына жатады. Соған орай, қылмыскердің мал иесімен татуласуына ешқандай жол берілмейді және ҚК-нің 68-бабының талаптары қолданылмайды.
ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқырғандар мүлкі тәркіленіп, үш мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал ұрлықты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса, ірi мөлшерде мал ұрланса – мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ ұрлықты бірнеше рет; тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiріп жасағандар мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық топ жасаған; аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау қылмысы үшін мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Бұл бап ұрылардың жәбірленушілермен татуласу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеуге және ұрлықтың алдын алуды күшейтуге мүмкіндік береді.

Н.Жаныбекова,
Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті аудандық сотының төрағасы

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...