Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кетті

Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы ретіндегі өкілетін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады.

«Өз еркімен өкілетін тоқтатты. 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды», — деді Сухоносенко.

Қазақстанның экологтарын біріктіретін экологиялық ұйымдар қауымдастығы 2017 жылы құрылды. Оған құрылған сәттен бастап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева жетекшілік етті.

Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында құрылған.

Комплексное обновление

«АЛАКОЛЬ – ОДНА ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ТУРИСТИЧЕСКИХ ТОЧЕК РЕГИОНА. ПОЭТОМУ...

Меморандум о партнерстве

ИЗВЕСТНО, ЧТО В РАМКАХ ГОСУДАРСТВЕННОГО ВИЗИТА ПРЕЗИДЕНТА ТУРЦИИ РЕДЖЕПА...

Совместные инициативы

На полях 79-й Всемирной ассамблеи здравоохранения в штабквартире Всемирной...

Одобрены в первом чтении

Депутаты Парламента на совместном заседании палат под председательством Спикера...

Величие простых героев

В Алматинской области прошло торжественное событие, которое выходит за...