«Сергекте» жаңа функция қосылды: Алматыда бір тәулікте 12 миллион теңге айыппұл жазылған

«Сергек» жүйесіндегі жаңа функция іске қосылды. Жаңа «Қорғау Сергек» бағдарламасы жалған нөмірлі көліктерді анықтайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйінде көлікті басқаратын адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр», — деді полиция өкілдері.

Мысалы, кейінгі тәуліктің өзінде «Қорғау Сергек» бағдарламасы арқылы жалған нөмірмен жүрген 11 автокөлік анықталған. Олар бір тәулікте 790 рет ереже бұзған. Жалпы, 12 миллион 680 теңге айыппұл салынған. 

«Ол көліктер ұсталып, арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы полиция полковнигі Манап Саттаров. 

Оның ішінде 1992 жылы туған А. есімді ер адам ұсталған. Ол жол ережесін 92 рет бұзған. Жалпы, 1 миллион 541 мың теңге айыппұл салынды. 

«Қорғау Сергек» жүйесі пилоттық режимде 2021 жылдың қарашасынан бастап пайдаланылып келе жатқанын атап өткен жөн. Жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБК 590-бабының 3 және 4-бөліктері) 171 көлік құралы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кейінгі тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауыс зорайтқыш сигналдарды заңсыз пайдаланатын екі автомашинаның жүргізушілері ұсталды. Сонымен қатар, көлік басқармасынан 7 мас жүргізуші шеттетілді», — деп түйіндеді полковник Саттаров.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.