Министр жаңа облыстарды құруға жұмсалатын бюджет есептеліп жатқанын мәлімдеді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құруға бюджеттен қанша қаражат қарастырылғанына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазір жұмыс жалғасуда. Ал жаңа облыстар құрылып, қаулыға қол қойылғаннан кейін жаңа облыстардың әкімдері тағайындалады. Әрі қарайғы жұмыстарды әкімдер қазір қайта құрылып жатқан облыстардың әкімдерімен бірлесіп жүргізетін болады. Одан кейін 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде келесі жылға қажетті қаражат қарастырылып, қажет болған жағдайда үкіметтің резервінен ақша бөлінеді.Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы жаңа өңірлерді құруға арналған бюджет «есептелгенін» атап өтті, дегенмен ол қанша сома көзделгенін атаған жоқ.

Еске салайық, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанда үш жаңа облыс – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылатынын айтқан болатын.

Кейін Әлібек Қуантыров жаңа облыстар 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай құрылатынын нақтылады.

ОСК ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Астанада Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын...

ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2026 жылғы 23 тамызға...

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи...

О правовой определенности и равенстве участников государственных закупок

В практике административных судов возникают споры, связанные с достоверностью...

Сот жүйесіндегі тәлімгерлік –кәсіби қалыптасу мен сапалы сот төрелігінің негізі

Сот жүйесінің тиімділігі, ең алдымен, судьялардың кәсіби біліктілігіне, қабылданатын...