Мемлекет жалдамалы пәтер ақысының жартысын қашаннан бастап өтеп береді 

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет қай кезден бастап өтейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақында жалдамалы пәтер ақысының жартысын мемлекет тарапынан өтеу бағдарламасы іске қосылды. Ал Отбасы банкі негізгі операторы ретінде бекітілді. Банк бюджет қаржысын үлестіреді. Осыған байланысты өтінімдерді онлайн режимде қабылдайтын арнайы платформа іске қосылды.

“Бағдарламаға қатыса алатын 17 мың үміткерге SMS-пен шақыру жіберілді. Олар қажетті құжаттарды жинауға кірісті. Ертең, 26 сәуірден бастап тағы 23 мың үміткерге SMS жолдап, өтініш беруге шақырамыз. Жалдау шарттары бойынша жасалатын төлемді республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат түскеннен кейін маусым айында бастауды жоспарлап отырмыз», — деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, бағдарламаға әлеуметтік осал топтың төрт санатына (I және II топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, сондай-ақ, көпбалалы отбасылар) кіретін адамдар өтініш жібере алады.

Бағдарлама аясында 70 мың адамның жалға алып отырған пәтер ақысының жартысын төлеп отыру жоспарланып отыр. Оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 50 миллиард теңге бөлінеді.

Айта кетсек, бағдарламаның негізгі талабына сәйкес, отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни, 36 018 теңгеден аспауға тиіс.

Мысалы, үйде төрт адам болса, барлық отбасының табысы 144 072 теңгеден (4×36 018) артық болмауы шарт. Сонда ғана мемлекет жалдамалы пәтер ақысының жартысын өтейді.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.