Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 88,4 пайызы жұмыспен қамтылған.

ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің  бастығы әділет подполковнигі А.Махашев жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат – сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы  қауіпсіздік  ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды. Әділет подполковнигі Айбол Махашев кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екендігін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек деді.  Жиын соңында мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Әмірбек жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты. 

Қазіргі таңда  112 сотталған 26 жеке  кәсіпкерде  жұмыс жасайды.  Жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, машина жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №19 мекеме қызметкерлері...

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...