Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті отандастар!

Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді.

Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!» — делінген хабарламада.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.