СҚО-да сотталған ҚАЖ қызметкерлеріне жала жапқаны үшін 5 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет облыстың ЕС-164/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) жазасын өтеп жатқан сотталған СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне қатысты жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«М» аса ауыр қылмыстар («Кісі өлтіру», «Қарақшылық», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оны басқару», «Қорқытып алушылық») үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 7 жылын өтеген.

Мекемеге келген сәттен бастап сотталған әр түрлі құқық қорғау органдарына мекеме қызметкерлері және басшылығы оған дене жарақатын салады, адамның қадір-қасиетін түсіретін басқа да әрекеттер жасайды және одан ақша талап етуде деп белсенді түрде өтініш жаза бастады.

Аталған фактілер бойынша сотталған «М» Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасына, СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаментіне әр түрлі өтініштер жазған. Мекеме қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, бірақ ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сотталғанның мәлімдемесінде жазылған фактілер өзінің растауын таппады, өйткені олар бейнебақылау камералары мен қызметкерлердің бейне-жетондарынан алынған жазбалармен теріске шығарылды. Сонымен қатар, бейнекамералардан алынған жазбалардан сотталғанның өзіне дене жарақатын салғаны көрініп тұрды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған «М» қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігінде («Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен көрінеу жалған сөз жеткізу») көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, ол бойынша Петропавл қалалық соты үкім шығарды және 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындады. ҚР ҚК-нің 60-бабының 1,4-б. негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша «М» жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 23 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза айқындалды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде 1400-ден астам сотталғандар жазасын өтеуде.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...