12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 88,4 пайызы жұмыспен қамтылған.
ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі А.Махашев жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат – сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды. Әділет подполковнигі Айбол Махашев кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екендігін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек деді. Жиын соңында мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Әмірбек жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.
Қазіргі таңда 112 сотталған 26 жеке кәсіпкерде жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, машина жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...