12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Халықтың мүддесін қорғайтын заң

Жаңа заң, жаңа өзгерістердің бастау­ында халықтың талап-тілегі тұрады. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген бабалар сөзінің өзі қай кезде де көптің пікірі маңызды екенін айғақтаса керек. Былтырғы жылдан бері тәжірибеге енгізілген әкімшілік әділет институтының бастауында да халықтың назы, базынасы жатыр. Өйткені, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданғанға дейін жария-құқықтық дауларда қарапайым азаматтар үнемі жеңіліс тапты. Сот саласындағы статистикаға назар аударсақ, сол тұста мемлекеттік органдар әрекетіне арызданғандардың 80 пайызы әкімшілік органдардан жеңіліс тапқан. Бұл заңды да.
Олай дейтініміз, біріншіден мемлекеттік орган секілді қарауына көптеген білікті мамандарды, заңгерлерді топтас­тырған алып құрылымға қарсы тұру қарапайым азаматтарға оңай болған жоқ. Оның үстіне, осы дауларды реттейтін Азаматтық процестік кодексте сот екі тарапқа тең қарайтын. Яғни, сотта кімнің дәлелі анық әрі көп болса, соның пайдасына шешім шығарылатын. Бұл жерде де өз заңгері бар, заңнан сауатты, сот практикасын білетін әкімшілік органдардың дәлел жинау, өз сөзін уәждау жағынан екінші тараптан озық тұратыны түсінікті. Соған орай мемлекеттік органдармен соттасып, тауы шағылған азаматтар өз базынасын Президентке айтып, осы мәселеге биліктің назар аударуын сұраған. Нәтижесінде Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Азаматтарымыз жария-құқықтық дау­ларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыс­тыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет», – деп тапсырып, әкімшілік әділет институтының жандануына серпін берді.
Бүгінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізіліп, жаңа әкімшілік соттардың қызметіне кіріскеніне он айдың жүзі болды. Осы аралықта жаңа соттардың жұмысы, жаңа заңнаманың артықшылығын түсіндіріп, таныстыру бағытында ауқымды насихат жұмыстары қолға алынды. Азаматтар өз құқығын кедергісіз қорғауы үшін ақпараттандыру шаралары бір сәт те тоқтамауы керек. Өйткені, құқықтық сауаты жоғары халық өз мүддесін ешкімге таптатпайды.
Жаңа заңнаманың артықшылықтары туралы айтқанда жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың ретіне тоқталған артықтық етпейді. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің әкімшілік органдардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) байланысты туындаған даулар. Көпшілік әкімшілік органдар дегенді тек мемлекеттік органдар деп тар шеңберде қабылдап жатады. Ал бұл қатарға жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік заңды тұлғалар, адвокаттар алқасы, нотариустар мен сот орындаушылар да кіретінін ұмытпауымыз керек. Сәйкесінше, әкімшілік талап арыз осы тізбеленген мекеме қызметіне қатысты беріледі. Себебі, олардың шығарған актілері де мемлекеттік заң күші бар құжат болып табылады. Бұл – халықтық заң. Олай дейтініміз, кодекс­те жеке және заңды тұлғалардың өз құқығын қорғауына барлық мүмкіндік жасалған. Ал кодекске сай мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға қарсы талап арыз бере алмайды.
Жаңа заң аясында судьяға ерекше өкілеттіктер мен құқықтар берілгенін де азаматтардың қаперіне саламыз. Яғни, енді судьялар сотта белсенділік танытып, азаматтардың талап арызын қалыптастыруға, дұрыстауға көмектеседі. Сонымен бірге, әкімшілік процес­ке қатысушылардың ұсынған дәлелдемелерімен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмай, өз еркімен қажет деп санаған дәлелдемелерді жинауға атсалысады. Судьяның әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуына құқылы болуы да бас­ты ерекшеліктің бірі. Бұл тетік тараптардың өз жағдайын салмақтап, өзара келісімге келуіне, істі медиациямен бітіруіне септігін тигізері талассыз.
Кодексте «сот талқылауының қисынды мерзімі» деген қағидаттың енгізілуі судьяның істі қарау мерзімін бұзуына жол бермесе, ақшалай өндіріп алу мәжбүрлеу шарасының қолданылуы сот шешімдерінің дер кезінде орындалуына септігін тигізеді.
Былтырғы жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп жатқан әкімшілік соттар біртіндеп тәжірибе қалыптастырып, өз ісін ширатып келеді. Істердің басым бөлігінде қарапайым азаматтардың басым түсуі қоғамның жаңа соттарға, жаңа кодекске деген сенімін нығайтары анық.

Зәуре Жарылқасынова,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...