12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Студенттердің шығармашылығын шыңдайтын орталық

Алматыда Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық-зерттеу университетінде қазақ эстрадасының аңызына айналған «Дос-Мұқасан» ансамблін ұйымдастырған азаматтардың бірі әрі әйгілі «Той жыры» өлеңінің авторы Ұлықпан Сыдықов атындағы шығармашылық орталық ашылды.
Ұлықпан Сыдықов аталған оқу орнынан түлеп ұшып, саналы ғұмырының 57 жылын осы университетке арнаған. Студент, аспирант, оқытушы, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт директоры және проректор қызметін атқарды. Бүгінде университеттің Ақсақалдар алқасының төрағасы, ректор кеңесшісі болып жүрген ғалым ұстаздық етуден жалыққан емес.

Ол — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор, ҚР ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Педагогика ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Сонымен қатар «Қазақ эстрадасының аңызы» халықтық атағының иегері, Қазақстан шығармашылық академиясының мүшесі, Мәдениет қайраткері. Ш.Есенов атындағы Ақтау және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттерінің және Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрметті профессоры, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының және Мақаншы ауылының «Құрметті азаматы».
Шығармашылықпен студент кезінен айналысқан Ұ.Сыдықов тек «Дос-Мұқасан» ансамблінің ғана емес, «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған.

Ұлықпан Сыдықов шығармашылық орталыққа өз атының берілуі үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. Мұнда жастардың талантын, қабілетін жан-жақты ашуға барынша мүмкіндік жасалған.
Орталықтың ашылуы барысында елге танымал ғалымдар мен ақын, жазушылар Ұлықпан Сыдықовтың ғылыммен қоса шығармашылықты қоса алып жүргені жайындағы естеліктерімен бөлісті.
Салтанатты шара барысында айтыскер ақын Ринат Зайытов орталықтың ашылуына орай жыр жолдарын жолдаса, қазақ эстрадасының танымал әншісі Мұқасан Шахзадаев ән салып, көпшіліктің көңілін көтеріп тастады.

Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

Геноцид: преступление против человечества

Безусловно самым страшным преступлением против человечества является геноцид. Его...

Под видом благотворительности

В г. Шымкенте полиция задержала девушек, которые занимались распространением...

Суверенитет как символ свободы

В Алматы состоялась международная научно-практическая конференция, приуроченная к 35-летию...

Больше, чем технический апгрейд

Жители г. Шымкента с одобрением встретили мобильное приложение, запущенное...

Блуждая в лабиринтах здравоохранения

СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ, ЗАДУМАННАЯ КАК ГАРАНТИЯ БЕСПЛАТНОГО И...