Ақтөбедегі түрменің өндірістік аумағын облыстық кәсіпкерлікті дамыту органдарының өкілдері аралады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюповтің жетекшілігімен, облыстық Кәсіпкерлік басқарма бастығының орынбасары Гүлшат Беріккалиева және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жанайым Келбатырова КА-168/2 түзеу мекемесінің өндірістік аймағын аралап, шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі болып отырған мәселелермен танысты.

Олар темір-бетон учаскесін, тігін, механикалық цех, ағаш өңдеу цехы және мекеменің басқа да жұмыс істеп тұрған нысандарын қарап, мекемеде негізгі жұмысберуші болып табылатын «Еңбек-Жайық» РМК-мен бірлесіп қызмет ететін жеке кәсіпкерлермен кездесті.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың енбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет капитаны Гүлнар Избагамбетова түзеу мекемесіндегі барлық цехтер өндірістік қуаттарға қосылмағанымен, тұрғын аумақтарда өндірісті кеңейтуге мүмкіндік зор екендігін атап өтті. Айтуынша, осы тұрғыда мекемеге шағын және орта бизнес өкілдерін тарту арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады. Себебі, жұмыспен қамтылған сотталғандар жалақысын отбасыларына жібереді және сотпен тағайындалған талап-арыздарды өтейді.

«Сотталғандарды еңбекке араластыру түзеу мекемелері міндеттерінің бірі болып табылады. Ал түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін бізге мемлекеттік тапсырыстар қажет. Егер мемлекеттік органдардан түзеу мекемелеріне тұрақты түрде тапсырыстар түсіп отырса, өз кезегінде сотталғандардың жұмыспен қамту мәселесі де шешілер еді. Себебі, біздің мақсатымыз – түзеу мекемесінің өндірістік аймағындағы үй-жайларға шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, еңбекке жарамды сотталғандарды жұмыспен қамту»,- дейді Гүлнар Избагамбетова.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті,
Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...