12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алды

Қазақстандық «Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алды. Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді. Бұл туралы «Қазақфильм» хабарлады.

Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлының қилы тағдыры жайында ойға батқан басты кейіпкер нәзік жүректі ақындардың өмірі қашан да қиын болғанын түсінеді.

Дәрежан Өмірбаев әр уақытта Канн кинофестивалінен екі рет жүлде алған. Өкінішке қарай, режиссердің өзі Берлин халықаралық кинофестивалі Berlinale Forum/Forum аясындағы фильмнің еуропалық премьерасына қатыса алмады», — делінген хабарламада.

Осы себепті фильмді көптің назарына актриса Гүлжан Түзелбаева мен продюсер Юлия Ким ұсынды.

Фильм сценарийі жазушы Герман Гессенің «Авторлық кеш» повесі негізінде жазылған. Фильмдегі басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев ойнады.

Айта кетейік, 2021 жылы «Ақын» фильмі Tokyo International Film Festival кинофестивалінде «Үздік режиссура» аталымын жеңіп алған еді.

Алматинские суды в реальном времени

АЛМАТЫ, БУДУЧИ КУЛЬТУРНЫМ И ЭКОНОМИЧЕСКИМ ЦЕНТРОМ КАЗАХСТАНА, ОБЛАДАЕТ ОДНОЙ...

Сотрудники ДУИС поздравили ветерана с юбилеем

Сотрудники учреждения №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

ҚАЖД қызметкерлері ардагерді мерейтойымен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекеме қызметкерлері бұрын жұмыс...

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар...

Кассациялық сот – әділдікке бастайтын қадам

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кассациялық сот өндірісі сот актілерінің...