Президенттің өкілеттіктеріне қатысты түзетулер тамыз айында парламентке жіберіледі

30 тамызға дейін Қазақстан үкіметі президенттің өкілеттіктеріне қатысты түзетулермен бірге бірқатар заң жобаларын парламентке ұсынады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жариялаған бастамаларын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңға және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Тиісті заң жобаларын парламент қарауына енгізу ағымдағы жылдың тамыз айында, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин

Министр барлық заң жобаларын әзірлеу заң шығару процесінің барлық кезеңдерінде кең қоғамдық талқылаумен қатар жүретініне сендірді. Аталған заң жобаларының консультативтік құжаттары Ашық НҚА порталында жарияланған.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...