Сағатына 230 шақырым. Қызылордада асқан жылдамдықпен жүрген жүргізуші видеоға түсіп қалған

Желіде көлік жүргізушісі Қызылорда көшелерінде асқан жылдамдықпен келе жатқан видео тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласының тұрғыны Ержігіт Пернебаев Facebook желісінде тәртіп бұзған адам қалалық жолдарда сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтты.

Кадрда жүргізушінің жолда қалай жүргенін, музыканы барына қосқанын көруге болады. Оны тіпті жол жиегінде тұрған патрульдік көлік те тоқтата алмаған. Видео қызылордалықтардың наразылығын тудырған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі тәртіп бұзған адам анықталғанын атап өтті.

«2022 жылғы 10 сәуірде Назарбаев даңғылы Мемлекеттік кірістер департаменті маңында орналасқан Арқан стационар жылдамдық өлшегіші жергілікті уақыт бойынша 06.05 минутта жылдамдықты арттыру дерегін тіркеді. Mercedes benz көлігі сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жылдамдықты арттыру дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізушіге қатысты шешім шығарылды, оған 20 АЕК (61 мың 260 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Қазір айыппұл өндірілді», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...