Рыбакина Билли Джин Кинг кубогында Қазақстанға жеңіс әкелді

Бірінші ракетка Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогында Германияға қарсы матч өткізіп, Қазақстанға мерзімінен бұрын жеңіс әкелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Анжелика Кербер болды, ол үш сетте жеңілді: 4:6, 6:3, 7:5. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Шешуші партияда Рыбакина 3:5 есебімен қатарынан төрт ойын жеңіп, Қазақстанға матчтік кездесуде (3:0) мерзімінен бұрын жеңіс әкелді.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Рыбакинадан бөлек Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасаған Юлия Путинцева да өз рекордын жаңарта отырып, жеңіске жетті.

Германияны жеңгеннен кейін Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық турниріне шықты.

Billie Jean King Cup әлем чемпионатының матчтерін Qazsport телеарнасындағы Bee TV спорттық бөлімінен қарауға болады.

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...