Рудныйда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Қайғылы оқиға 13 сәуірде кешке орын алды. Павел Корчагин көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен 2020 жылы туылған сәби құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды», — делінген Instagram парақшалардың бірінде жарияланған мәліметте.

Құтқарушылар түсіндіріп өткендей, бала терезедегі тор қаптаманы (москит) ұстаймын деп құлап кеткен. Жазатайым оқиға туралы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді.

Рудный Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және қолданыстағы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Жыл сайын орын алатын қайғылы статистика көрсеткендей, терезедегі тор қаптама жәндіктерден қорғайды, бірақ баланы құлап кетуден қорғамайды.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...