Меморгандарға құжаттардың сканерленген көшірмелерін талап етуге тыйым салынбақ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мемлекеттік аппаратты бюрократизациялау жоспарын таныстырды. Түпкі мақсат – азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету сапасын арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Жамбакиннің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына дейін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәртібі мынадай болды: ережелер әзірленді, содан кейін ғана процесс автоматтандырылды. Нәтижесінде азаматтар растайтын құжаттарды әкелуге мәжбүр болды, бұл процесс бір мемлекеттік қызметті екіншісі үшін алуды немесе бір нақты мәселені шешу үшін әртүрлі өтініштерді өткізуді талап етті.

Процестер бастапқы кезден-ақ цифрлық түрде жобалануы керек. Жарлықты іске асыру үшін (мемлекеттік аппаратты дебюрократизациялау туралы) механизм енгізіледі: егер деректер ақпараттық жүйелерде болса, онда бизнес пен азаматтардан оны сұрауға тыйым салынады. Барлық (жүйеде бар  – ред.) куәліктер, үзінділер, растайтын құжаттар, сканерленген көшірмелер толығымен алынып тасталады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...