Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары туралы Жарлығын толықтырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев құжатқа мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы қаулы қабылдады:

1 тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін адам құқықтары мен Заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың жоспарын бекіту:

әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;

бірлестік бостандығы құқығы;

мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;

адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;

БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;»

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) іс-шаралар жоспарын және одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын».

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...