Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге миллион теңге беріледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жеңіс күніне орай ардагерлерге қолдау көрсетуге уәде берді. Қала әкімдігі әрбір ардагерге миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы қала басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны азайып бара жатқанын атап өтті. Бүгінде Алматыда 77 майдангер тұрады, оның 18-і — Бостандық ауданының тұрғыны.

«Ұлы Жеңіс мерекесі біз үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, екі жыл бойы пандемия салдарынан тойланбады. Биыл оны дұрыстап атап өтеміз. Ешқандай шектеулер жоқ. Әр ардагерге барамыз деп үміттенемін. Әкімдік тарапынан қолдау көрсеткіміз келеді және әрбір соғыс ардагеріне миллион теңгеден бөлеміз», — деді Ерболат Досаев.

Алматы басшысы тыл ардагерлеріне теңестірілген барлық тұлғаға зор денсаулық тіледі.

«Олардың саны — 10 600. Мәслихат шешімімен ақшалай қолдау қарастырылған», — деді ол.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...