12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қоғам даусыз болмайды

Қай кезде де қоғамның даусыз болмайтыны анық. Осындайда ақылды ұмыттырып, ашуға бой алдырғаннан туындаған дауларды соттың таразысына салуға асығатынымыз бар. Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамыту қажеттігін, бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашатынын, дамыған елдерде мұндай институттар өзін-өзі толық ақтағанын айтқан еді.
Шындығында, медиация түсінігі ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ, Австралиядан бастау алған, содан кейін Еуропаға таралған. Алғашында аталған рәсіммен бұл елдерде отбасылық қатынастағы даулар оң шешімін тапқан. Уақыт өте келе коммерциялық және жария-құқықтық саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде медиация табысты жүзеге асырылған. Бүгінде бұл елдерде медиация қолданылған дау­лардың 70-90 пайызы сотсыз, бітіммен аяқталады екен.
Біздің елімізде 2011 жылы «Медиа­ция туралы» заң қабылданды. Осы орайда, бұрын қазақ даласындағы даулардың бейбіт жолмен би-шешендердің араласуымен шешіліп отырғанын атап өткен жөн. Мұндайда белгілі заңгер, академик Салық Зимановтың «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып – дауласушылардың, рудың арасындағы бітімгершілікке және бірлікке қол жет­кізуге тырысатын», – деген сөздері еріксіз еске түседі.
Медиацияның басты мақсаты – дау­ды шешудің қос тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізіп, дауласушылық деңгейді төмендету. Сондай-ақ, медиация еріктілік, тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, араласуға жол бермеушілік, құпиялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда елімізде жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір мәселе бо­йынша дау туындай қалған жағдайда оны соттан тыс, өзара келісім жағ­да­йында шешуге мүмкіндігі зор. Бі­тім­гершіліктің қолданысын кеңейту мақсатында өңірде медиация кабинеттері, татуласу орталықтары ашылды. Одан бөлек, Билер кеңесі құрылды. Татуластыру ұғымы қолданысқа енген алғашқы жылдары республикада 2-3% іс ортақ келісіммен аяқталатын. Ал, қазір бұл көрсеткіш 34%-ға дейін жеткен. Осылайша, елімізде әрбір үшінші істе тараптардың бітімге келуі қуантарлық.
Сондай-ақ, елімізде «Сотқа дейінгі хаттама» атты жоба пилоттық режимде сынақтан сәтті өткізіліп, Азаматтық про­цестік кодекске «сотқа дейінгі хаттама» жасау бойынша толықтырулар енгізілді. Татуластырушы-судья талап қою түскен күннен кейін келесі күннен кешіктірмей тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау құқықтарын, артықшылықтарын түсіндіре отырып, татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді. Тараптар келіскен жағдайда, ​оларға сотқа дейінгі хаттаманың нысаны ұсынылып, рәсімдеу мерзімі белгіленеді. Сотқа дейінгі хаттамада тараптар дәлелдемелерді көрсетіп, дауды өзара келісіммен реттеудің нұсқаларын береді. Аталған кодекске енгізілген мұндай жаңғыртулар судьяға кез келген істі жеңілдетілген тәртіпте қарауға мүмкіндік берді. Қорыта айтсақ, татуласу кез келген дауда түйін тарқатудың ұтымды әдісі.

Айдарбек Тленов,
Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...