«Жасыл даму» басшысы Жанат Самат қызметінен кетті

«Жасыл даму» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Самат қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады. Оның айтуынша, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босаған. Еске сала кетейік, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы биылғы жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.

«Жасыл даму» — қалдықтарды кешенді басқарумен айналысатын компания. Өнім қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құру, осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартып, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, «жасыл» технологияларды енгізеді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...