Жамбыл облысының жаңа әкімі Тоқаевқа өңірдегі жағдай туралы есеп берді

Жақында тағайындалған Жамбыл облысының жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов Президентке өңірдегі жағдай туралы ақпарат берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Әкімнің сөзінше, өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен. Одан бөлек:
— құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр;

  • 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылады;
  • 2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынады;
  • 25 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етіледі;
  • 17 ауылға газ тартылады;
  • өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады.
  • Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...