Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы аталды

Алматы облысындағы аудан әкімдерінің жалақысы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көп ұзамай облыс екіге бөлінеді. Әр облыста он аудан болады. Tengrinews тілшісі қазіргі Алматы облысы аудандарының әкімі қанша жалақы алатынын анықтады.

Алматы облысында ең жоғары жалақыны Талдықорған қаласының жаңа әкімі Әсет Масабаев алады. Оның жалақысы — 866 мың теңге.

Панфилов ауданының жаңа әкімі Марат Сағымбек айына 778 мың теңге алады. Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов та осындай жалақы алады. Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов те осыған жақын, ай сайын 775 мың теңге алады.

Ең аз жалақыны Еңбекшіқазақ ауанының жаңадан келген әкімі алады. Оның айлық жалақысы — 703 мың теңге. Ал аудан әкімдері арасындағы ең жоғары жалақы Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевта. Ол ай сайын 785 мың теңге алады екен.

Көксу ауданы әкімі қанша жалақы алатыны белгісіз. Сауалға ресми жауапта Алмас Әділдің толық жалақысы ғана көрсетілген. Ол айына — 952 мың теңге. Бірақ бұл сомадан зейнетақы мен медициналық аударымдар ұсталады. Нәтижесінде өзге әріптестерінің деңгейінде жалақы алады.

Алматы облысының өзге аудан, қала әкімдері қандай жалақы алатыны бізге де, салық төлеушілерге де жұмбақ күйінде қалып отыр. Басқа әкімдер Tengrinews тілшісі сауалына жауап бермеді.

Әдеп басы — тіл

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Отандық соттағы ЖИ: ізденістер мен ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және...