Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға төмендеді

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, банктің жалпы халықаралық резервтері 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 85,9 миллиард доллар.

«Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банктер шоттарындағы қалдықтардың азаюы және сыртқы қарыз бойынша төлемдер есебінен 1,2 миллиард долларға азайып, 33,2 миллиард долларды құрады», — деді Пірматов.

Ұлттық қордың активтері 52,7 миллиард доллар.

«Республикалық бюджетке 1 036 миллиард теңге көлемінде трансферттер бөлу мақсатында 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2,1 миллиард долларға валюталық активтер сатылды.

Мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аясында Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан бері 1 059 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге жуық өсті, оның ішінде валюталық түсімдер 1,9 миллиард долларды немесе баламада 845 миллиард теңгені құрады», — деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...