Қазақстандық спортшы Голландияда өткен марафонда 35 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Семейлік спортшы Жанна Мамажанова Нидерландының Роттердам қаласында өткен дәстүрлі халықаралық марафонда Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Токио-2020 олимпиадасының қатысушысы Жанна Мамажанова Роттердамда елді елең еткізді, деп жазды altaynews. Қазақстандық қыз 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 26 минут 54 секндта бағындырды. Бұл көрсеткіш оған марафонның қола жүлдесін жеңіп алуға, сондай-ақ осы қашықтықта Қазақстанның рекордын жаңартуға мүмкіндік берді.

Жанна Мамажанова бұған дейінгі ең жоғары жетістікті бірден 63 секундқа асып түсті. Алдыңғы рекордты алматылық аңыз Зоя Иванова 1987 жылы 15 қарашада Токиода орнатқан еді. Араға отыз бес жыл салып қана нәтиже өзгерді.

Бұл жетістік Жаннаға жазда АҚШ-тың Орегон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысуға жол ашты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...