Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті — ДСМ

Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың 43 пайыздан астамы қауіпсіздік талаптарына сай емес деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады. Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер — 16 (9,2 пайыз), басқа елдер — 156 (90,1 пайыз).

Негізінен, бұзушылықтар: Таңбалауға қатысты 100 пайыз, органолептикалық көрсеткіштер бойынша — 3,4 пайыз, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша — 8 пайыз (ойыншықтың құрамында Қытай мен Өзбекстан Республикасында өндірілген ойыншықтарда фенол, формальдегид, бензол, метил спирті, гептан деңгейінің артуы анықталды).

Балаларға қауіті тауарларды сатумен айналысатын барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», — делінген хабарламада.

Сауда кәсіпорындарында екі айда 3,6 келі ойыншық сатылымнан шығарылды. Бұл құжатсыз сатылған, талапқа сай емес, негізінен Қытайда жасалған тауарлар: қуыршақтар, автотрансформаторлар, көлік жинақтары, стресске қарсы ойыншықтар.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...