Нұр-Сұлтан мен 9 облыста ескерту жарияланды

Елдің тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 11 сәуірде Нұр-Сұлтанда күндіз қатты жел болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады.

Қарағанды облысының батысында найзағай болады. Облыс батысында, шығыс, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 23-28 метр жел соғады. Жезқазғанда найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыс желінің екпіні түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр болады. Қостанайда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, дауыл болады. Шымкентте күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел орталықта және облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қызылордада күндіз найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, екпіні секундына 23 метр болады. Көкшетауда күндіз оңтүстік-шығыстан секундына 15 метр жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде шығыстан секундына 18 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында секундына 15-20 метр жел тұрады, екпіні секундына 23 метр болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...