Ұлттық банк ресейліктердің Қазақстандағы «карталық схемалары» туралы хабарламаға пікір білдірді

Ресейліктерге Қазақстанда банк карталарын ашуға мүмкіндік беретін банк жүйесіндегі «айла» туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға Ұлттық банк пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әлеуметтік желілерде танымал басылым авторы мәліметінше, Ресейдің интернет кеңістігінде біздің ел арқылы Батыстың санкцияларын айналып өтуге болатын «айла» пайда бола бастаған.

«Соның ішінде Қазақстанның банк жүйесін пайдалану. Мысалы, қазақстандық банк карталарын жалған тұлғалар — Қазақстан азаматтары арқылы ашу ұсынылады. Мұндай схемаларды жаппай қолдану арқылы қаржы жүйеміз санкцияларға ұшырамауы үшін Ұлттық банк бұған назар аударуы керек», — дейді ол.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, елдің банк жүйесінде болып жатқан барлық процесс жіті бақылауда.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, клиентке банк шотын ашқан кезде банк клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерінің заңнама талаптарын сақтауына тиісті тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті», — делінген Tengrinews.kz редакциясына берілген жауапта.

Сондай-ақ, ҰБ банк шоттарын ашу барлық қажетті тексеру жүргізіліп, клиенттің жеке басы анықталғанда және растағаннан кейін, клиенттің іскерлік қарым-қатынас орнату мүмкіндігін шектейтін тізімдерде жоқтығы расталғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап өтті. 

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...