Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын айтты осы елдің ұйым жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин Бас ассамблея отырысында, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Кузьмин өкілдік 7 сәуірден бастап, Кеңестегі өз жұмысын тоқтататынын айтты.

«Ресей тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ресейдің БҰҰ АҚК мүшелігін тоқтату туралы резолюциясын тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты ұстанатын БҰҰ-ға мүше егемен мемлекетті қайсарлықпен жазалау мақсатында жасалған заңсыз және саяси астарлы қадам деп санайды», — деді дипломат.

Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіндегі мүшелігін тоқтату туралы қарарды 93 мемлекет қолдап, 24 мемлекет қарсы болып, 58 өкіл қалыс қалды. Құжатты Батыс елдерінің тобы дайындады, олардың арасында АҚШ пен Украина да бар.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...