Қазақстандықтарға енді құжаттар мерзімі аяқталғаны туралы SMS жіберіледі

Қазақстандықтар өз құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алатын болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Қазақстан — әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету — біздің басымдықтарымыздың бірі».

Сондықтан бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында).

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы).

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

«Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: “Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON», — делінген хабарламада.

Сондықтан Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат «электрондық үкімет» порталындағы «жеке кабинетінде» (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...