12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында, Спасская көшесі, 67-үйде, сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының лаңкестікке қарсы күрес бойынша жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Жаттығу міндеттері лаңкестік актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

«Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары болатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығу өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», — деп хабарлады жедел штабтың өкілдері.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...