spot_img
spot_img

Қазақстан ең зиян тағамдар тұтынатын елдер қатарында

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында Қазақстан ең зиян тағамдар тұтынатын елдер тізімінде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықтың тамақтану әдеттеріне келсек, тұзды тұтыну деңгейі өте жоғары екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар көкөністер мен жемістерді тұтыну күніне 200-230 грамм болса, ДДҰ ұсынған норма – 400-500 грамм. Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаның денсаулыққа зиян тағамдарды тұтынатын 21 елінің ішінде 9-орында. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, мысалы, 2013-2018 жылдар аралығында құрамында қант бар сусындар өндірісі 25%-ға және оларды тұтыну 13%-ға өскен.

Қазақстанда созылмалы жұқпалы емес аурулардың өсуі денсаулық сақтау жүйесіне де, жалпы ел экономикасына да салмақтың артуына ықпал етіп жатыр. Кейінгі зерттеулерге сай, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және қатерлі ісік ауруларынан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы 27% болды. Денсаулық сақтау министрі

Министр қант диабетімен ауыратын адамдар саны жалпы халықтың 62%-ға жуығын құрайтынын мәлімдеді. Ажар Ғинияттың айтуынша, жұқпалы емес ауруларды азайту үшін құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу және балалар арасындағы сколиоз мен миопияның алдын алу бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Жоспарларда «Салауатты асхана», «Салауатты дәмхана», «Салауатты дүкен» бағдарламаларын әзірлеу де бар.

Сонымен қатар балалардағы семіздікті эпидемиологиялық қадағалау, олардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететін жайттарды зерттеу, мектеп оқушыларының өмір салты, жастар арасында психоактивті заттарды қолдану және 13-15 жас аралығындағы балалардың темекі өнімін тұтынуын зерттеу жоспарланып отыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 19-дан 45%-ға дейін арттыруды, 15 жастан темекі тартатындардың үлесін 21,5-тен 19%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Балалар арасындағы семіздік ауруының 100 мың тұрғынға шаққанда 95,7-ден 90 адамға дейін төмендеуі.

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Дом, где возвращают надежды

Региональный филиал Общественного Фонда «АНА ҮЙІ» в городе Шымкенте...

Новый завод – новые возможности

Открытие завода по производству керамогранита стало важным событием для...