Kaspi.kz «Цифрлық құжаттар» сервисін іске қосты

Kaspi.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «Цифрлық құжаттар» сервисін іске қосты.

Енді қазақстандықтарға жеке куәлік, екпе төлқұжаты, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттар Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді. Құжаттар сенімді қорғалған. Құжаттарға қол жеткізу үшін пайдаланушы өзінің келісімін бірреттік парольмен растауы керек.

«Цифрлық құжаттармен» ХҚКО-да қызмет алуға, ішкі әуе рейстеріне тіркеуден өтуге, Қазақстан бойынша пойызбен жол жүруге, нотариустардың қызметін және басқа да көптеген қызметті пайдалануға болады.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді:

«Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біз Kaspi.kz суперқосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін жетілдіруді жалғастырамыз. Арнайы сүйікті клиенттеріміз үшін және Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен ынтымақтастықта жаңа инновациялық «Цифрлық құжаттар» сервисін әзірледік, оның көмегімен қазақстандықтар өз құжаттарына қауіпсіз әрі ыңғайлы қол жеткізе алады. Енді ең маңызды құжаттар еліміздегі ең танымал Kaspi.kz қосымшасында әрдайым қолжетімді. Біз барлық азаматтар үшін қызметтерді қолжетімді ету және сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді әзірлеу жолында алдағы уақытта да мемлекетке көмектесеміз».

«Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды 10 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Бұл ыңғайлы, себебі құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Қолдану одан да ыңғайлы болуы үшін біз бұл сервисті қазақстандық пайдаланушылардың арасында танымал платформаларға да шығарамыз, бірақ бұл функционал азаматтың өзінің келісімімен ғана қолжетімді болады», — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологической повестки страны...

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің...

Сотни тысяч жителей ЗКО ощутят эффект от проектов МЭКС

В Западно-Казахстанской области продолжается модернизация коммунальной инфраструктуры. В Уральске...

БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Орал...