Күлкі күніне арналған байқау-конкурсы «Әзіл де, байыпты да»

СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-де күлкі күніне арналған «Әзіл де, байыпты да» байқау-конкурсы өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі сотталғандар арасында мекеме деңгейінде өткізілді. Бұл байқауға сотталғандар қатысты, олар бастама көтеріп, карикатуралар мен шарждардың суреттері арқылы белгілі бір оқиғаға деген көзқарасын білдіруге тырысты, оларға әзіл-оспақ пен ерекше көзқараспен қарады. Сотталғандар өздерінің шығармашылық әлеуетін, қиялын, даралығын көрсете алды, өйткені жұмыстар әртүрлі жанрлар мен техникаларда орындалды.

Қазылар алқасының мүшелері суреттерді негізгі критерийлер бойынша бағалады: қосымша көрнекі құралдардың болуы, карикатура материалының өзектілігі мен жеделдігі, суреттің жалпы безендірілуі, түс гаммасы. Әр айдар 5 балдық жүйе бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталып, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен марапатталанды.

«ЕС-164/3 мекемесі» РММ
Аға инспектор-психологы
әділет лейтенанты
Дина Бектемирова

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...