12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТУРНИР

Қызылорда облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің командалары арасында алда келе жатқан Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына байланысты облыста шағын футболдан алғаш рет турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа шақырылған облыс орталығынан басқа 8 аудан мен қала командаларының ішінен жол қашықтығына қарамай, турнирге ардагерлерін жолдауға мүмкіндік тапқан Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің басшысы Ахметов Алтынбекті және осы бөлім ардагерлерінің төрағасы Ешмурат Тайтиковті, Қазалы ауданы Полиция бөлімінің басшысы Кабизов Болат пен осы бөлім ардагерлерінің төрағасы Нағашыбай Нарымбетов ақсақалды ерекше атап өтуіміз керек.

Сонымен қатар, турнирге ардагерлерін қатыстырған Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен №5547 Ұлттық ұлан бөлімі ұжымдарының басшылығы мен ардагерлер кеңестеріне де алғысымыз ерекше.
Қызылорда облысы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Серікбол Қуатбайұлы Тұңғышбай турнирді ашып беріп, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ибраев Дәурен Алпысбайұлы, ардагерлеріміз Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы мен Мұхтаров Әбдіхалық Абдуллаұлы, Қызылорда облысының әуесқойлар лигасының директоры Еркін Жантуғанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің фавориті саналған «Динамо» мен арнайы бөлініс ардагерлерінен құралған «Сыр сұңқары» командалары топтық ойындарда қарсыластарына ұпай ұстатпай екеуі де жартылай финалға 1-ші орынмен шығып, тиісінше, топтарында 2-ші орын алған жедел қызмет ардагерлерінен құралған «Тұран барысы» мен «ДП аппараты» ардагерлерін жартылай финалда айқын басымдылықпен ұтты.

Финалдық ойында «Сыр сұңқары» командасы облысымызда ардагерлер арасында өткізіліп жүрген чемпионаттың қатысушысы, тұрақты ойын тәжірибесі бар «Динамо» командасынан ұтылып, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

3-орын үшін ойында «ДП аппараты» ардагерлері » Тұран барысынан» басым түсті.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға ардагерлер ұйымының ақшалай сыйлықтарынан басқа ішкі істер органдары зейнеткері, қоғам белсендісі Абдуали Убайдулдаев, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері, футбол және ішкі істер органдары ардагері Әмірбек Шаймағамбетов, Қызылорда облысы әуесқойлар футбол лигасының директоры Еркін Жантуғанов, ішкі істер органдарының ардагері, облыстық тәжірибелік ату федерациясының президенті Ғабит Тынымбай, Қызылорда облысы футбол ардагерлері одағының президенті Абай Дуйсенбиев өздерінің қаржылай және бағалы сыйлықтарын тапсырды.

Турнирдің үздік ойыншысы Жұманов Раушанбекке Ә. Шаймағамбетов өзінің туындысы «Тәуелсіздік қырандары» кітабына қолтаңбасын қалдырып, кітапқа қосып қаржылай сыйлығын бірге тапсырды.

Турнирдің үздік қақпашысы Абназаров Асылбекке Қызылорда облысы әуесқойлар футбол лигасының директоры Е.Жантуғанов өзінің қаржылай сыйлығын табыстаса, турнирдің сұрмергені, ең көп доп салған Маделханов Ерболға облыстық тәжірибелік ату федерациясының президенті Ғабит Тынымбай өзінің дайындап келген сыйлығын табыстады.

«Үздік қорғаушы» деп танылған Сәбит Алиханов «Тұран барысы» қоғамдық ұйымының атаған статуеткасына ие болды. «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «ДП аппараты» командасының ойыншысы Самат Абсаматов марапатталды. Сондай ақ, «Үздік техникасы» үшін «Байқоңыр» командасының шабуылшысы Бектаев Ғалым, «Үздік сэйв» номинациясында «Қазалы» командасының қақпашысы Пірімбетов Аралбек марапатталды.

Жарысқа қатысқан командалар сапында өнер көрсеткен:
Нарынбаев Таңат-«Байқоңыр»;
Мырзалы Бақыт-«Қазалы»;
Шаханов Талғат-«МКҚБ ММ»;
Бакиров Айбек-«Ұлттық ұлан»;
Мурзалиев Айбек-«Тұран барысы» сияқты ардагерлеріміз өз командаларының үздіктері деп танылып, грамоталармен марапатталды.

8 команда, жүзден аса ойыншылар мен жанкүйерлер жиналған турнирде ардагерлеріміздің сыры кетсе де, сыны кетпеген шеберліктерін ғана көріп қойған жоқпыз, турниріміздің басты мақсаты, зейнетте жүрген ардагерлеріміздің басын осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын, жастарға үлгі болатын іс-шарада жинау еді, сол мақсатымыз орындалды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

Новости для науки

В интервью, которое дал Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев газете...

Видеомониторинг и безопасность

В дух городах нашей страны в конце прошлого года запущена Национальная система видеомониторинга. Над созданием данного инновационного проекта работали сотрудничестве специалисты Министерста внутренних дел, Комитета национальной безопасности и Министерста цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.

Дропперы в контексте виртуального мошенничества 

Понятие «дропперы» в лексиконе судебных и Правоохранительных органов появилось...

№60 түзеу мекемесінде екі сотталған зейнетке шықты

Қызылорда қаласы ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар...

Сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру

2025 жылы 9 қаңтарында ҚАЖ Департаменті #3 мекемесіне Дінді...