12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Абайсызда алаяқ атандым»


Өз кәсібін дөңгелетіп отырған Бектас (аты өзгертілді) ойламаған жерден алаяқ атанды. Мал сойып сатумен айналысып жүрген жігіт бірнеше бас малының ауру екенін білмеген. СЭС-мамандары базарға әкелінген мал етінінен «бурцелез» белгісін анықтайды.

-Бар кілтипан осы жерден басталды. Бұған дейін қарызға алған сиырларым бар болатын. Сөйтіп адамдарға қарызым 6 млн. теңгеге жетті. «Алаяқтық» бабы бойынша пробациялық тіркеуге алындым. Артынша көп ұзамай 6 жылға сотталдым. Үстімнен арыз жазған кісілер «оны неге соттап жатсыңдар, біз сендерге қарызын қайтарсын, соған көмектесіңдер деп шғымдандық. Енді біздің ақшамызды кім төлейді? Ол түрмеге қамалса қайтара алмайды» деп шу шығарды. Оған құқықтық органдар тарапынан құлақ асқан адам болған жоқ. Қарыз болғаным рас. Кінәмді толық мойындаймын. Бұл мен үшін үлкен сынақ болды. Мұндағы өмір әр іс-әрекетің үшін «жеті рет өлшеп бір рет пішудің» маңызды екенін ұқтырды. Қылмыс әлемінде абайсызда қиындыққа шырмалған жақсы адамдардың бар екенін көріп отырмын. Айналасына зұлымдық ойламаса жүре алмайтын ұрда-жықтармен дәмдес боламын деп ойладым ба? Енді қалған 5 ай мерзімімді жақсы аяқтап, бостандыққа шықсам екен. Қазіргі басты тілегім осы,-деді Бектас.
Ақтөбе облысының тумасы жаза мерзімін өтеу үшін Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесіне қамауға алынған болатын. Бірақ түрме жатаханасының қирауына байланысты сотталғандармен бірге Бектас та Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылды.

-Бектас, кейбір сотталғандар сияқты өзін дипрессияға түсірген жоқ. Әр қиындықтың артында жақсылықтың бар екеніне сенеді. Оның үстіне үйдегі жары мен 2 баласы өзіне деген сенімін арттырып отырды. Таксафонмен әр сөйлескен сайын ерекше жақсы көретіндерін үнемі айтып келеді. Тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы,-деді ЗК-169/5 мекемесінің психолог маманы Айдос Жүсіпбеков.

Абайызда алаяқ кейпіне енген Бектас бостандықтағы өмірін жоспарлап, бұдан былай жаза баспауға ант етіп отыр.

ЗК-169/5 мекемесі

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...