Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшысының орынбасары тағайындалды

Тимур Қосымбаев Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қосымбаев Тимур Ернатұлы Президенттік кадрлық резервінің өкілі Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қосымбаев Тимур Ернатұлы 1989 жылы дүниеге келген. 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі.

2011-2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...