Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды

Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат «102» пультіне сағат 8:59-да түскен.

«Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс «ізі суымай» ашылды. Күдікті «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды», — деді Әбдірахманов.

Қылмыс жасалған қару тәркіленген. Кісі өлтіру себебі анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі Полиция департаменті бақылауына.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...