«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды – «Антикор»

13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд.теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, 19 қаңтарда «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылғаны белгілі болды.

21 қаңтарда Қазақстан Президенті кәсіпкерлермен кездесуінде «ӨКМ Операторы» қызметін сынға алып, оның функцияларын мемлекеттік ұйымға өткізуді ұсынды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...