Қазақстанда ұн бағасы күрт өсуі мүмкін — сарапшы

Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган Қазақстанда ұн бағасының күрт көтерілу мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Евгений Ганның айтуынша, Ресей ЕАЭО елдеріне астықты экспорттауға тыйым салатынын жариялағанға дейін жағдай былай болған: нарықта қазақстандық астық пен ресейлік өндірушінің астығы болған. Оның үстіне, бірқатар факторларға байланысты ресейлік өндірушілердің астығы айтарлықтай арзан болды.

Астықтың бағасы тоннасына 115-118 мың теңге аралығында болды, Ресейден ЕАЭО елдеріне астық экспорттауға тыйым салынған сәтте-ақ Ресейдің арзан астығы ішкі нарықта жоқ болды. Ішкі нарықтағы отандық астықтың бағасы күрт көтеріліп, бүгінде тоннасы 150 мың теңгенің төңірегінде қалықтап тұр.Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган

Оның айтуынша, мұндай 25 пайыздық өсім ұн құнына әсер етпей қоймайды.

Қазірдің өзінде астықтан жаңа құн бойынша ұн өндіруге көшіп жатқан біздің өндірушілердің ұнының сатылу бағасының көтерілу үрдісі бүгінде байқалады. Ұнның бағасы біртіндеп көтеріледі. Әлеуметтік нан сол бағамен сатылса, нан өнімдерінің қалған желісі қымбаттайды. Бұл сөзсіз.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...