12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балық — байлық көзі

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар» министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Есік қаласы мен Қапшағай қаласында баспасөз турын өткізеді» – деген хабарламаны оқыған сәттен бастап бұл саланың қыр-сырын білмекке қызықтық.
Бізді Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы қарсы алды.

Журналистерге арналған пресс-тур балық шаруа­шылығы субьектілерінің жұмысын таныстырудан басталды. Сондай-ақ, 2021–2030 жылдарға арналған мемлекеттік балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жобалар көрсетілді. Аталған бағдарламада 2030 жылға қарай өсірілетін балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Алматы облысында осыған орай, балық өсіру бойынша 5 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталыпты. Бұл іссапар барысында балық өндірісіне қатысты көп мағлұматтан хабардар болдық.
Журналистердің пресс-туры бірінші кезекте Марлен Тұрсынәлі басқаратын ТМТ GROUP ЖШС құрамындағы «Есік форель» шаруашылығына ат басын бұрды.
Осыдан 21 жыл бұрын, мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділов Алматы облысының әкімі лауазымын атқарып тұрғанда, осы «Есік форель» шаруашылығын салтанатты түрде ашқан еді. Қатарластыра қойылған 20 текше литрлік 150 дана алюминий цистерналар мен сырттағы бетондалған бассейндерде форель балықтары көп екен. Біз шаруашылық иесінен бұл кәсіптің қыр-сырын білмекке талпындық.

Марлен Тұрсынәлі, ТМТ GROUP ЖШС құрамындағы «Есік форель» шаруашылығының басшысы:
БІЛІМ ОРДАСЫ БАЛЫҚ ӨСІРУГЕ БАУЛУДА

– Балық өнеркәсібіне қалай келдіңіз? Бәрі неден басталып еді? Қазіргі ахуал қалай?
– Мен Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туып өстім. Қазақ ұлттық университетінің балық шаруа­шылығы мамандығын оқып бітірдім. Сосын «Болашақ» бағдарламасымен Испания­да балық өсіру саласы бо­йынша жұмыс істедім. Қазақ балық өсіру институтында зерттеуші, бекіре өсіру шаруашылығында бас маман, директорлық секілді қызметтерден өттім. Одан кейінгі жылдары «Есік форель» шаруашылығын құрып, осы мекемеде еңбек етіп жүрміз. Жылына 220 тонна форель балығын, 50 тонна бекіре балығын, 100 тонна африкалық (клариви) сом балығын өсіреміз. Шаруашылықта 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өздеріңіз көрген жерді инвестициялық жобамен алдық. Бір ғана жағдай – су мәселесі жылдан-жылға тапшы болып тұр. Су рационалды бөлінбейді. Алатау сілемдерінен басталатын Есік өзені арнасымен ағып келіп жиналып, одан бөлінетін су қоймалары жеке адамдарға беріліп, жекеменшікке өтіп кеткен. Соның зардабын қарапайым халық пен балықшылар тартуда. Жергілікті әкімдіктер бұл мәселені жылы жауып қойған. Журналистер осы проблеманы көтеруге атсалысса деген өтініш бар.
– Қандай балық түрлеріне басымдық бересіздер?
– Кезінде патшалар арнайы өсіргізіп жегендіктен патша балық аталған форель балығы суық суда, тау өзендерінде тіршілік етеді. Осы балық уылдырық шашқаннан бастап, «құбылмалы бақтақ» балығын 5 грамнан 3 келіге дейін өсірумен айналысамыз. Өндіріс көлемі жылына 220 тонна, сонымен қоса бір түрлі бақтақ балығы және оның 2 тонна уылдырығы өндіріледі.
Шаруашылықта 120 балық өсіруге арналған хауыз бен 2 қыстату және 4 үлкен бассейн бар. Су көзі – Есік көлінен келетін тау өзені.
– Жалпы, жұмыс­ты қандай бағдарламаға сүйеніп істейсіздер?
– 2021–2030 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасына сүйене отырып, Атамекен ҰКП-мен бірлесе жұмыс атқарамыз.
– Осы мекеменің құрылтайшысы екенсіз, форель шаруа­шы­лығы құрамында кәсіби біліктілікке баулу мектебі бар екенін де естіп жатырмыз. Осы жайлы тарқата кетсеңіз.
– Гүлшат Агментаева директоры болып қызмет істейтін «Балық мектеп» деп аталатын білім ордасы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында 2020 жылы 6 шілдеде ашылды. Қазақстанның білім беру саласындағы №1 балық өсіру және кәсіпке баулу мектебі болып саналады. Мектепте оқыту бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аға оқытушыларымен бірлесе бекітілген. Сабақ оқытудың 30% теориядан, 70% тәжірибеден тұрады. Балық мектебі қазіргі таңда 118 түлекке білім берді. Қазақстанның барлық аймағынан 20 шаруа қожалығы ашылды. Соның ішінде 15 шаруа қожалығының балық өсіру талабына сай құрылыс жұмысы жүріп, 5 шаруа қожалығы ашылды.
– Бұл білім ордасында кімдер оқиды?
– Бір қызығы, біз балық мектебіне келушілердің жасына немесе мамандығына қарамаймыз. Бізден кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, тіпті, өнер адамдары да білім алды. 18 жастан бастап елімізде балық шаруашылығын дамытуға үлес қосамын деген ниеттілердің бәріне есігіміз ашық. Балық мектебі бір жылда 300 оқушы қабылдауға дайын. Бұл сөзімді іс жүзінде дәлелдей аламыз. Балық мектебі үш мезгіл тамақпен, жатақханамен және тәжірибеден өткізетін орындармен, алаңдармен қамтамасыз етеді.
Балық мектебінің міндеті мен мақсаты – 2021–2025 жылдары балық өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының санын 100-ге жеткізу. Арнайы мамандандырылған командамызбен жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс атқару. Бұл – Қазақстанда балық шаруашылығының дамуына үлес қосу және сапалы білім беру мен нәтижелі өндіріс орындарын ашуға негізделген жұмыс. Мақсатымыз – аз шығынды, көп өнімді шаруа қожалықтарын ашып, бірлесе жұмыс атқару арқылы ел экономикасын көтеруге үлес қосу.
Біз «Жаңа Қазақстанды» жаңа бағ­дарламамен, жаңа бағытта дамытқымыз келеді. Келіңіздер, бірге балық өсірейік!
– Шынайы сұхбатыңызға рақмет.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Алматы облысында балық өсірумен айналысатын 22 шаруашылық бар. 2021 жылы облыс бюджетінен тауарлық балық өсіруді субсидия­лауға 32,1 млн теңге қаражат бөлініп, оның 16,2 млн теңгесі игерілді. Қалған 15,8 млн теңге өтініш түспегендіктен, бюджетке кері қайтарылды. 2022 жылы облыс бюджетінен тауарлық балық өсіруді субсидиялауға 38,0 млн теңге бөлу жоспарлануда.
ТМТ GROUP ЖШС құрамындағы «MG» шаруа қожалығы төрағасы М. Тұрсынәлінің форель шаруашылығын жүргізу үшін белгілі мөлшерде су қажеттігін реттеуге көмек сұраған ресми хатына Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Б. Бименов: «Сіздің форель өсіру жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті су мөлшерін беру мақсатыңызға жету мүмкін болмай тұр», – деп жауап жазған. Бұл мәселені тиісті орындар мен Еңбекшіқазақ ауданына таяуда ғана тағайындалған жаңа әкімнің назарына ұсынамыз.
Екінші аялдама
Алматы облыстық балық инспекциясы өкілдері журналистерді Есік қаласынан 80 шақырым қашықтықта жатқан Көлді ауылындағы балық шаруашылығына апарды. Негізгі су көзі Лаварь тоғаны болып табылатын аймақта 16-дан астам шағын көлшіктерге уақытша иелік етіп, балық өсірумен айналысатын «Halyk Balyk» ЖШС директорының орынбасары Мейрамбек Пазылов та бізге жол көрсетіп, өз жұмысы туралы айтты. Балық өсіретін жабық бассейн кеңес заманынан қалған балық шаруашылығы электр жарығымен қамтылып, талапқа сай сақталғанымен, кейбір құбырларынан су аға бастапты. Көлшіктерді жалғайтын тоғандардың тазаланбағанына біраз жыл болса керек.
– Бұл бұрынғы Шелек тоған шаруашылығының, қазіргі «Halyk Balyk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, жалпы 3221 гектар жері бар. Соның бір мың гектардан астамын көлдер құрайды. Қазіргі таңда су жетіспеуіне байланысты әрқайсысы 70-80 гектар жерді алып жатқан 8 тоғанның екеуінде ғана су болса, шабақ өсіретін 6 тоған бар. Сол тоғандарды жаз бойы суға толтыра алмаймыз. Мамыр, маусым, шілдеде шаруашылықтар егін алқаптары мен жайылымдықтарын суғару үшін Лаварь тоғанын бөгейді. Кезінде осы шаруашылық жылына 1,5 тоннаға дейін балық өсірген. Қазір көлдер құрғап қалғандықтан, тауарлы балық өсіре алмай отырмыз. Тек қана бір жылдық жаздық шабақтарды жылына 2 млн данаға дейін ғана өсіріп отырмыз. Өзімізден артылғанын сұранысқа орай сатамыз. Тұқы, амур, дөңмаңдай аналықтарынан мамыр, маусымда құрт балық шабақтарын сұранысқа орай 50 млн данадан асыра шығарып отырмыз. Сұраныс болса, 100 миллионға жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Лаварь тоғанын былтыр дихандар әр жерден бөгеп, су жібермей қойғанда, бір цехтағы 10 млн-ға жуық құрт шабағымыз өліп қалды.
Осы шаруашылықта 28 жылдан бері еңбек етемін. Осы уақытта 14 бастық ауысты. Жоғарыда отырған қожайындарға ұнамаса, біздің басшыларды ауыстыра салады ғой. Ұзақ жылғы тәжірибем болғандықтан, қатардағы балықшы болып жүре беремін. Кей жылдары шаруашылықты жалға да берді. Келгендер аз шығын шығарып, көп пайда тапқылары келеді.Ол тәсіл болмайды. Балыққа күтім, жем, су, балықпен қоректенетін құстарды үркітетін дауыс зорайтқыш (пушка) керек. Ол қажеттілігін өтей алмасаң, балық өспейді.
Шаруашылығымыздағы 9-10 жастағы бекіре тұқымды аналықтардан биыл көктемде уылдырық алсақ па деген ойымыз бар. Құдай бұйыртса, бірінші рет аламыз. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Негізгі еңбек қатардағы балықшылардікі. Басшылар сатып алып, пайдаланып, қайта сатып кете береді ғой.
Тоғандарда тұқы, амур, дөңмаңдай , ал цехтарда бекіре, форель бар. Бассейндерге бір қалыпты 15 градустық температурада жер асты суы келіп тұр. Биыл форельдің уылдырығын шет елден сатып алдық. 3-4 айда сата бастаймыз. Негізі форель уылдырығы жемдеуіңе байланысты екі-үш жылда өсіп, тауарлы балық түріне келеді ғой. Бекіренің жемі қымбат болғандықтан, аздап беріп, жай өсіреді. Жемді көптеп берсе, бір жылда 600-700 грамм болып жүр. Жемінің ерекшелігі сол – балықтың еті, витаминдер, минералды қоспалар қосылатындықтан, бір келісі 900-1000 теңгеге, ал үлкен балықтарға 600 теңгенің жемін береміз, – деді балықшы Ғани Сейітжан.
P.S Қорыта айтқанда, әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болып, қымбат бағаланатын қызыл балық, ақ балық және қара, қызыл уылдырықтардың басым бөлігі Түркиядан импортқа шығатыны мәлім. Олардың түбін қуаласаңыз, дәл осындай балық шаруашылықтарына тірелесіз. Сондықтан ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бүгінгі бастамасы – қуана құптарлық қадам. Бұл игілік Алматы облысы әкімі тарапынан қолдау тапқанын да баса айтқан дұрыс.

Нұрбол Әлдібаев,
«Заң газеті»

Қазақстанда кейбір азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің тәртібі өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа жоба әзірледі. Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, соның ішінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

На грани долгового плена

КРЕДИТНЫЙ ПОРТФЕЛЬ КАЗАХСТАНЦЕВ НА НАЧАЛО 2025 ГОДА ДОСТИГ АСТРОНОМИЧЕСКОЙ ЦИФРЫ В 24,1 ТРЛН ТЕНГЕ, ЧТО НА 22,9 ПРОЦЕНТА БОЛЬШЕ, ЧЕМ ГОДОМ РАНЕЕ. ЭТО ТРЕВОЖНЫЙ ПОКАЗАТЕЛЬ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ, КОТОРОЕ ВСЕ ЧАЩЕ ОКАЗЫВАЕТСЯ В ДОЛГОВОЙ ЯМЕ. ВМЕСТО ТОГО ЧТОБЫ ИЗБАВИТЬ НАРОД ОТ ДОЛГОВОГО БРЕМЕНИ, КРЕДИТЫ ПРОДОЛЖАЮТ НАВЯЗЫВАТЬСЯ НА КАЖДОМ ШАГУ.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға шектеу қойылды ма?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "GPT чатын пайдалануға тыйым салынды" деген ақпаратқа пікір білдірді.

Қазақстандағы VIP нөмірлер нарығы: баға динамикасы мен сұраныс өзгерістері

Қазақстандық жүргізушілер жақын арада мемлкеттік көлік нөмірі үшін цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын таңдай алуы мүмкін.

Маусым айында қазақстандықтарды қанша демалыс күні күтіп тұр?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айт атап өтіледі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.