12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторында мешіт имамдарымен кездесу жиі өтеді

Тікенек сыммен қоршалған ЗК-169/1 тергеу изоляторында діни экстремизм баптары бойынша сотталғандар да бар.

Олар өздерінің бұзық сенімін насихаттап, басқаларды да адастыруы кәдік екенін естен шығаруға болмайды.

Осындай қауіпті құбылыстардың алдын алып әрі имандылық жолындағы сотталғандарға діннің негіздерін үйрету мақсатында, мекеменің инспектор теологы, әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің айтуынша мекемеге мешіт имамдары жиі келіп, уағыз-насихат айтып, дәрістер өткізіп отырады.

Әсіресе, имамдар әр сәрсенбінің сәтті күні тұрақты түрде хадис, дін мен салт-дәстүрдің байланысы жайында жоспарлы сабақтар өткізеді.

Осы орайда, бүгін мекемеге қаладағы Құдыс ишан мешітінің бас имамы Бисен Мұстафа Қуанұлы келді.

Дін өкілі бұл жолы ҚР ҚК-нің 256 бабының 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан айрылған сотталғанды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында сотталғанға Ханафи мәзһабындағы фиқһ негіздерін түсіндірді.

Жеке қабылдауда Бисен Мұстафа Әбу Ханифа мәзһабы мен шариғат қағидаларын ұстанудың маңызын кеңінен баяндап берді.

Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

— Менің осы мекемеге келгелі діни көзқарасым өзгерді. Өйткені, теологтар мешіт имамдарымен жиі кез ұйымдастырып отырады.

Олар, діни дәрістерін оқып, хадис, дін мен салт-дәстүрдің байланысы жайында жоспарлы сабақтар өтеді. Сондай-ақ, Алланың алдында кешірілмейтін күнә жоқ екенін және өздерінің де қателесіп, шалыс қадам жасап, темір торға қамалғанымен, ертең-ақ қоғамға, еліне пайдасы тиетін, өзгелерге үлгі болатын тұлғаға айналуға мүмкіндіктердің зор екенін ұғындырады.

Бұл мені ынталандырып, бостандыққа шығуға деген үмітімді арттырады- деді, қабылдауға келген Ж есімді сотталған .

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...

Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам...